Алимов Жамбыл Әбдіманапұлы
ӨМІРБАЯН Алимов Жамбыл Әбдіманапұлы, 1980 жылдың 25 қыркүйегі күні Жамбыл облысы,Талас ауданы,Қызыләуіт ауылында дүниеге келген. Әкесі Әлімұлы Әбдіманап Ильич совхозында көп жылдар бойы жүргізуші болып жұмыс атқарған. Анасы Шынайкүл Тілегенқызы аталған совхозда еңбек етіп зейнетке шыққан. Алимов Жамбыл Әбдіманапұлы 1986 жылы Ильич атындағы кәзіргі Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, 1997 жылы аталған мектепті орта біліммен аяқтады.