Тохтаева Турсын Максутовна

ӨМІРБАЯН
Мен Тохтаева Тұрсын Мақсұтқызы, 1991 жылы 18 шілдеде Тараз қаласы Меркі ауданы Аспара ауылында дүниеге келдім.1998 жылы №2 Аспара орта мектебінің табалдырығын аттап, 2009 жылы мектепті тәмандап, Қаратау техникалық колледжінің «Есептеуіш техникасы бағдарламасы» мамандығына түстім.2012 жылы дипломымды алып, 2013 жылы Жастар тәжірибесімен Қызыләуіт ауылдық округі әкімі аппаратында жұмыс атқардым. Тұрақты жұмыс орнына ауысуыма байланысты 2013 жылы қазан айында Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балдәурен» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына ән-саз жетекшісі болып қабылдандым. 2015 жылы Қаратау технология, білім және бизнес колледжіне, 2019 жылы «Тараз-Ғасыр» колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығын бітіріп шықтым. Қазіргі таңда «Баллдәурен» бөбекжай-бақшасында орыс тілі оқытушысы болып жұмыс атқарамын.
Отбасылық жағдайыма келер болсам, толық қанды отбасында тәрбиелендім, артымнан еріп келе жатқан інім бар. Әр қыз баласының арманы отбасын құру дегендей, 2011 жылы наурыз айында Қызыләуіт ауылындағы Ерназаровтар әулетіне келін болып түстім. Қазіргі таңда 2 ұл, бір қыз тәрбиелеудеміз.