Досманбетова Әсел Дүйсембекқызы

Өмірбаян
Мен Досманбетовв Әсел Дүйсембекқызы, 1980 жылдың 1 тамызы күні Жамбыл облысы, Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келдім. Әкем Досманбетов Дүйсембек Шынтыбекұлы 1958 жылы Үшарал ауылда дүниеге келген. Анам Алтынбекова Нүрила Кенжебекқызы 1958 жылы С.Шәкіров ауылында дүниеге келген.
1987 жылы алғаш рет Қаратау қаласындағы қазіргі А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің табалдырығын аттадым. 1998 жылы Д.Қонаев атындағы орта мектепті аяқтап шықтым. 1998-2000 жылдар аралығында «Қаратау құрылыс колледжіне» түсіп, «Экономика бухалтерлік есеп және бақылау» мамандығын бітіріп шықтым. 2006-2010 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне түсіп, «Есеп және аудит» мамандығын бітіріп шықтым. 2010-2012 жылдар аралығында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне түсіп, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын бітіріп шықтым.
2003 жылы Қаратау қаласында басталған еңбек жолым Қызыләуіт ауылында жалғасты. 2008 жылы Байдибеков Мұхтар Кенесбекұлымен шаңырақ көтердім. 2010 жылдан бастап Қызыләуіт ауылда «Балдәурен» бөбекжай-бақшасына бейімдеп оқытушы болып қабылданып, 2017 жылдан бері осы бөбекжай-бақшасының әдіскері болып қызмет жасаймын. Қазіргі таңда 2 қыз, 1ұл тәрбиелеуде.