Стамкулова Зеркуль Ашировна

Өмірбаян
Мен, Стамқұлова Зеркүл Әшірқызы, 1962 жылы 21 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында дүниеге келдім.
1969 жылы алғаш рет «Ильич» атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, 1979 жылы осы орта мектепті аяқтап шықтым. 1979 жылы Жамбыл кооперативтік училещесіне оқуға түсіп, 1980 жылы бітіріп шықтым. 1981 жылдың қаңтар айынан бастап, Талас ауданы Ақкөл жұмысшылар кооперациясында сауда саласында сатушы болып қызмет істедім. 2003 жылы Абай атындағы Алматы универсетіне сырттай оқуға түсіп, 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін сырттай педагогика және психология мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
2006 жылы 1 желтоқсанында Талас ауданы әкімиятының білім бөлімі Қызыләуіт ауылы «Балдәурен» балабақшасына шаруашылық меңгеруші ретінде жұмысқа қабылдандым.
2008 жылы 2 қыркүйекте Қазақ тілі оқытушысы қызметіне ауыстырылдым.
2009 жылы 1 қарашадан бастап психолог мамандығы бойынша жұмыс істеп келемін.
Отбасылымын, 1995 жылы Баяқов Темірбекке тұрмысқа шықтым. Қазіргі таңда 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырмын.